Шымкент қаласы бойынша ҰҚКД бастығы тағайындалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Руслан Сейсембаев тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ҰҚКД жаңа бастығы туралы ақпарат арнайы қызметтің ресми сайтында жарияланды.
Сейсембаев ҚР ҰҚК Академиясын бітірген. 1997 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметте болды.
2008 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылғы сәуірден 2024 жылғы қыркүйекке дейін ҰҚК төрағасының орынбасары - терроризмге қарсы қызмет бастығы қызметін атқарды.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Сейсембаевқа Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді. ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.
2024 жылдың күзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының бірқатар орынбасарларын ауыстырды еді. Атап айтқанда Қанатай Далматов, Руслан Сарқұлов, Алмас Наймантаев, Бақытбек Рахымбердиев, Марат Жұмабаев жаңа лауазымдарға ие болды.
2024 жылдың ақпан айында ҰҚКД бастығының Шымкент қаласы бойынша орынбасары Манат Сарбасовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы хабарланған болатын.