Шымкентте 1 жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Шымкентте сәби құдыққа құлап, құтқарушылар дер кезінде жетті
Шымкент қаласында 1 жасар қыз бала терең құдыққа құлап кеткен оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке үйдің аумағында тіркелген. «112» қызметіне түскен хабарламада 2024 жылы туған қыз баланың абайсызда құдыққа түсіп кеткені айтылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екенін анықтаған. Бұл биіктік 8 қабатты ғимаратпен шамалас.
ТЖМ мамандары арнайы альпинистік құралдардың көмегімен құдыққа түсіп, баланы жоғарыға алып шықты. Қыз бала дереу жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
Қазіргі уақытта дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды