Шымкентте 350 қонақ шақырылған той жас жұбайларсыз өтті
Шымкентте 350 адамға арналған үйлену тойы күтпеген жерден ерекше жағдайда өтті. Той иелерінің айтуынша, мерекеге жас жұбайлар аяқ астынан келе алмай қалған, деп хабарлайды Politico.kz Astana.tv арнасына сілтеп.
«Үйлену тойы, бірақ үйленіп жатқан жастарсыз тойды басқардық. Той күні аяқ астынан осындай жағдай болып, жастар тойға келе алмады», – деп жазды бұл кешті жүргізген асаба.
Күйеу жігіт пен қалыңдықтың жоқтығына қарамастан, қонақтарға арналған мерекелік шара тоқтатылмай, өз жалғасын тапқан.
Кейін белгілі болғандай, жас жұбайлар ауруханада жатып, сол жерден қонақтарға арнайы сәлем жолдаған. Олар емдеу мекемесінде бір-біріне неке сақинасын кигізіп, жиналған қауымға тойдың жақсы өтуін тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...