Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі жұмысынан қуылды

Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі жұмысынан қуылды
24.07.2024 14:49
0
281

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде полиция подполковнигі өз анасына қол көтеріп,  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. Жаға ұстатарлық оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұрады.

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетерлігі, тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Фото: freepik.com

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или