Шымкентте әскердегі сарбаздың өліміне қатысты іс қозғалды
Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз кенеттен қайтыс болды. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жас жігіттің жүрегі тоқтап қалғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz
Қайтыс болған сарбаз әскер қатарына Жамбыл облысы, Тараз қаласынан шақырылған. Мәліметтерге қарағанда, ол қызмет барысында денсаулығына байланысты бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген.
Сарбаз Шымкенттегі емдеу мекемелерінде мамандардың бақылауында болып, тиісті зерттеулерден өткен.
2026 жылдың 6 қаңтарында сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жүргізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өлімге «жіті лейкоз» (қан обыры) дерті себеп болуы мүмкін. Дерттің кенеттен асқынуы организмнің жұмысына кері әсер еткен.
Аталған факт бойынша Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары мұқият тексеріледі.
Соңғы жаңалықтар