Шымкентте екпе кабинеттерінде бір сәтте төрт адам қайтыс болды

30.03.2026 08:41 Мөлдір Талғат
Шымкентте екпе кабинеттерінде бір сәтте төрт адам қайтыс болды
171
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте жеке дәріханалар жанында жұмыс істейтін екпе кабинеттерінде бірнеше адамның қайтыс болуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәліметке сәйкес, науқастарға қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген.  Алдын ала деректер бойынша, кабинет қызметкерлері жедел әрекет етіп, алғашқы көмек көрсете алмаған. Соның салдарынан науқастар тікелей процедуралық бөлмелерде көз жұмған.

Осы оқиғадан кейін Шымкент қаласының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жоспардан тыс тексерістер жүргізді. Нәтижесінде 13 тексеріс өткізіліп, дәріханалар жанындағы 12 процедуралық кабинеттің жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 14 әкімшілік хаттама толтырылып, нысан иелеріне қызметті заң талаптарына сәйкестендіру міндеттелді.

Тексеру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, дәріханаларда психотроптық препараттарды заңсыз сатудың 25 дерегі тіркелді. Сонымен қатар есірткіге тәуелді болып, ем қабылдаудан жалтарған 10 қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша түскен шағымдарға байланысты 34 стоматологиялық клиника тексерілді. Нәтижесінде кейбір клиникалардың лицензиясыз жұмыс істегені және қызметті тиісті сертификаты жоқ мамандар көрсеткені анықталды.

Жалпы тексеріс қорытындысы бойынша 331 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 41 миллион теңгеден асты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий