Шымкентте күйеуі 7 баласы бар әйелін терезеден лақтырып жіберген: тың дерек шықты
531
Шымкентте 42 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды НеМолчиKZ ұйымы.
Ұйымның мәліметінше, марқұмның денесінде көгерулер, пышақ жарақаттары, сынған мұрын мен маңдай жарақаты анықталған.
Қайғылы оқиғаның басты куәгері – 4 жасар ұлы. Баланың айтуынша, әкесі анасын штангамен ұрып, кейін асүй терезесінен лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Марқұмның үлкен балалары әкесінің оларды да, анасын да жиі ұрып-соққанын мәлімдеген. Оқиғадан кейін жеті бала (22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жаста) баспанасыз қалды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған, қазір мемлекеттік мекемеге орналастырылған.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...