Шымкентте «Мырзабаевские» қылмыстық тобының мүшесі ұсталды

04.02.2026 19:08 Арман Ермеков
Шымкентте «Мырзабаевские» қылмыстық тобының мүшесі ұсталды
598
фото-коллаж: politico.kz
Мұхтар Құрманов қылмыстық ортада «Муха» деген лақап атпен танымал.

Шымкентте қылмыстық топтың тағы бір белсенді мүшесі қолға түскені жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Мырзабаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі Мұхтар Құрмановты ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде заттай дәлелдемелер табылған. Қазіргі уақытта оған қаруды заңсыз сақтады деген күдік келіп отыр.

Мұхтар Құрманов бұған дейін де заң алдында жауап берген. Ол 1999 жылы адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын өтеп, 2019 жылы бостандыққа шыққан. Оны осы дүйсенбіде Алматыда қолға түскен «Кропаль» лақап атымен танымал Асылбек Төлетпековтің жақын серігі деп санайды.

Журналистің пайымдауынша, қазір оңтүстік өңірде қылмыстық топтарды құрықтау бойынша ауқымды операция жүріп жатыр.

Желіде қызу талқыға түскен бұл ақпараттың анық-қанығын білу және ресми түсініктеме алу мақсатында редакциямыз құзырлы органдарға арнайы сауал жолдады. Әзірге ресми ақпарат күтілуде.

Еске сала кетейік, 2 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура бірлесіп Алматыда арнайы операция жүргізген болатын. Нәтижесінде аса ірі көлемде бопсалау жасады деген күдікпен Асылбек Төлетпеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий