Алматыда «Кропаль» қылмыстық тобының басшысы ұсталды

03.02.2026 13:33 Арман Ермеков
Алматыда «Кропаль» қылмыстық тобының басшысы ұсталды
380
Коллаж: politico.kz. Фото: ҰҚК, Бәсе

Алматы қаласында «Кропаль» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп саналатын Асылбек Төлетпеков ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен 2026 жылғы 2 ақпанда Алматыда арнайы операция жүргізді. Жедел шара барысында қылмыстық ортаның өкілі саналатын 1985 жылы туған Асылбек Төлетпеков қолға түсті. Ол аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған іс аясында биылғы қаңтар айында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті әшкереленген болатын. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Кропаль» лақап атымен танымал криминалдық авторитет бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол 2004 жылы бұзақылық пен тонау дерегі бойынша сотталды. 2008 жылы қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, 2009 жылдың тамызында бостандыққа шыққан. 2010 жылы оның басқа да қылмыстық істер бойынша ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде жарияланды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий