Шымкентте бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды

10.02.2026 08:35 Әсел Мұрат
Шымкентте бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды
219
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында жалдамалы пәтерден бір отбасының үш адамының мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, олар көмірқышқыл газынан уланған болуы мүмкін. Қайғылы оқиға салдарынан анасы, оның ұлы және әжесі көз жұмған. Марқұмдар жалдамалы пәтерде тұрған.

Қайғылы жағдайды алғаш болып көршілері байқаған. Олар пәтер иелерімен бірнеше рет байланысуға тырысқанымен, ешкім жауап бермеген. Осыдан кейін тұрғындар құтқару қызметіне хабарласқан.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» қызметіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен.

«Күншығыс» шағын ауданында пәтер тұрғындарының ұзақ уақыт бойы есік ашпағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару тобы жіберілді», – деп хабарлады қалалық ТЖД-дағылар.

Нәтижесінде пәтерден үш адамның мәйіті табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, өлім себебі көмірқышқыл газынан улану болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий