"Сіз бұларды жақтап тұрсыз": Депутаттар мәдениет үйінің сапасыз жөндеуін сынға алды

20.08.2025 13:33
0
188
Сурет: Бейнеден кадр
Депутаттар Баскөлдегі мәдениет үйінің сапасыз жөндеуін сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары халық қаржысына жөнделген Май ауданына қарасты Баскөл ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс сапасын қатаң сынға алып, мердігердің жауапсыздығын видеоға түсірді. Нысанды жаңғырту жұмыстарын «Ер Алаш» ЖШС жүргізген.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары Виталий Соломкин, Сабиден Мантықов, Рустам Мазгутов және Александр Толмачев Май ауданындағы Баскөл ауылына арнайы барып, жаңадан жөнделген мәдениет үйі мен мектептің жай-күйімен танысты. Жұмысты тексеріс барысында депутаттар нысандағы көптеген құрылыс кемшілігін жай көзбен-ақ анықтады.

Мәдениет орталығының сыртқы келбеті көз тартарлықтай көрінгенімен, ішіне үңілгенде сапасыз жұмыстың бетпердесі ашылды.

Айта кетейік, депутаттардың тексерісі кезінде Баскөл ауылының әкімі де жандарында болды.

Тексеріс барысында көптеген қателік табылды, ал мердігер компания өкілі бұл олқылықтардың барлығын түзетеміз деп ақталумен болды.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий