Солтүстік Қазақстанда мектепте оқушы қыз сірке қышқылынан уланып қалды
Оқиға 4 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Гусаковка ауылында болған, деп хабарлайды Politico.kz.
4 ақпанда Айыртау ауданында 16 жастағы жасөспірім белгісіз сұйықтықтан уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлердің шешімімен санитарлық авиация шақырылып, жасөспірім Петропавл қаласындағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр, медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Желідегі мәлімет бойынша,16 жастағы мектеп оқушысы сабаққа келіп, мұғалімнен дәретханаға шығуға рұқсат сұраған. Әжетханаға кіріп, есікті ішінен жауып алған соң, ол бөтелкедегі 70 пайыздық уксус сұйықтығын ішіп, ауыр күйік алған.
Оқиғаның себептері әзірге хабарланбады.
Соңғы жаңалықтар