Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Су қоймасының 50%-ы тексерілді
615
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, 25 шілдеде радардан жоғалған әскери тікұшақты іздеу кезінде Сорбұлақ су қоймасының жартысы зерттелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жақын маңнан тікұшақтың бірнеше бөлшегі табылған. Қазір іздестіру жұмыстары таңнан кешке дейін жалғасып жатыр. Су қоймасының тереңдігі 5–25 метрге дейін жетеді, түбі батпақ, лайдан көріну мүмкіндігі төмен.
Іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жүргізілуде. Ал ТЖМ тарапынан барлық қажетті күш-құралдар тартылған.
Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...