СҚО-да ұлы 500 теңге бермегені үшін анасын өлтіріп тастады
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында ұлы анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін өлтірді.
62 жастағы әйелдің мәйіті 49 жастағы ауыл тұрғынының үйінен табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақаттарынан болған, делінген хабарламада.Әйелді ұрған зұлым адамды іздеудің қажеті жоқ еді. Ол жәбірленушінің ұлы, сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Болған оқиғаның куәгерлері айтқандай, жәбірленуші сол күні зейнетақы алып, құрбыларына келген. Кейінірек мұнда ішімдік ішкен күдікті келіп, анасынан 500 теңге талап ете бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқаннан кейін, ер адам анасын ұрып-соғып, кетіп қалған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел қайтыс болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...
27.10.2026
16:49
Павлодарда шәкіртіне қол көтерген жаттықтырушығ...
27.10.2026
16:24
Трамп Тоқаевқа желтоқсандағы кездесуді асыға кү...