Стамбұл мэрі халықты жаппай митингіге шақырды

Стамбұл мэрі халықты жаппай митингіге шақырды
24.03.2025 08:32
0
635
Kemal Aslan/Shutterstock.com
Түркиядағы жағдай ушығып барады: Имамоғлы халықты көшеге шақырды

Стамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоғлы тұрғындарды жаппай митингке шығуға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Мен халқымызды өз құқықтары үшін жауапкершілікпен күресуге шақырамын. Бұл - біздің ұлтымыздың және балаларымыздың болашағына қатысты маңызды мәселе. Бүгін Түркияның болашағы үшін міндетті түрде дауыс беріңіздер. Содан кейін Стамбулдағы Сарачхане алаңына және басқа аймақтардағы алаңдарға жиналып, өз ұстанымыңызды ашық білдіріңіздер», – деп жазды Имамоғлы әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол қазіргі уақытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның негізгі саяси қарсыласы болып саналады.

Жақында ғана 19 наурызда Имамоғлы «жемқорлыққа қатысы бар» деген күдікпен ұсталып, кейіннен қызметінен уақытша шеттетілген еді. Осы оқиғадан кейін Түркияның бірнеше ірі қаласында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, билікке қарсылығын білдірген болатын.

Оппозициялық саясаткердің үндеуі елдегі саяси жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін деп болжануда. Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға президент Ердоғанға үлкен саяси қысым тудырады.

Түркияның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, наразылықтар елдің бірнеше ірі қалаларында – Стамбул, Анкара, Измир, Адана, Анталья мен Ескішаһарда өткен. Сенбі күні ғана 323 адам ұсталған. Полиция көз жасаурататын газ және су шашатын техника қолданған. Наразылардың кейбірі полицияның өздеріне резеңке оқ атқанын хабарлады.

t.me/informburo_kz

Стамбулдың Сарачане ауданында полицейге қышқыл шашылғаны жайлы ақпарат тарады. Алайда нақты расталмаған. Имамоғлы тергеу барысында ешқандай заң бұзушылыққа бармағанын айтқан. Сот ғимаратына апарар жолдар толық жабылып, жүздеген полиция мен арнайы техника жұмылдырылған.

Халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Түркияда саяси оппозицияға жасалып жатқан қысымды сынға алып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий