Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезияда ұсталған сәт: жаңа деректер белгілі болды

27.02.2026 16:11 Мөлдір Талғат
Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезияда ұсталған сәт: жаңа деректер белгілі болды
7207
Фото: видеодан скриншот

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезияда қолға түсуіне қатысты тың мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz arasha.kz сайтына сілтеп 

Комиссар Рикки Пурнаманың айтуынша, Ломбок аралындағы қонақүйге полиция қызметкерлері кірген сәтте Сәрсемәлиев қашуға әрекет жасаған. Алайда құқық қорғау органдары оны сол жерде ұстап үлгерген.

Күдіктіні ұстау операциясына Индонезиядағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметінің өкілдері қатысқан.

Полиция дерегіне сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына ұшып келген. Кейін олар Ломбок аралына қоныс аударып, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Қазіргі уақытта Индонезия тарапы екі күдіктіні Қазақстанға депортациялау рәсімдерін жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі күдіктілердің ұсталу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын.

Еске салайық, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы із-түзсіз жоғалған бір отбасының төрт мүшесіне іздеу жариялаған. Кейінірек осы отбасының қызы мен күйеу баласының да байланыссыз кеткені белгілі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий