Атыраудағы іс: Индонезия полициясы күдікті күйеубала ұсталған сәтті көрсетті

27.02.2026 • 12:40 Мөлдір ҚАЙНАР
Атыраудағы іс: Индонезия полициясы күдікті күйеубала ұсталған сәтті көрсетті
7729
Фото: inp.polri.go.id

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Индонезия полициясы халықаралық іздеуде жүрген күдіктінің қалай ұсталғанын жария етті. Мәліметке сәйкес, Интерполдың «қызыл хабарламасы» негізінде іздеуде болған 29 жастағы Қазақстан азаматы Солтүстік Ломбок аймақтық полициясы тарапынан қолға түскен.

Күдікті Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінен ұсталған. Тінту барысында одан төлқұжаттар, ұялы телефондар және халықаралық банк карталары тәркіленген.

Қазіргі уақытта ол Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий