"Сұранған еркек жоқ": Айман Талғатқызы Тұрсынбекті тойға неліктен жібермегеніне қатысты жауап берді
Продюсер Мөлдір Мұқанованың балаларына арнап өткізген қуаныш тойына әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қатыспауы әлеуметтік желіде үлкен талқылау тудырып, оның екінші жары Айман Талғатқызы оқырмандардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz Оzgeris.info сайтына сілтеп.
Желі қолданушыларының арасында бұл жағдайға Айман Талғатқызын кінәлап, Тұрсынбектің тойға бармауына сол себепші болды деп есептегендер табылды.
«Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?», – деп жазды оқырмандардың бірі.
Айман Талғатқызы бұл пікірді жауапсыз қалдырмай, өзінің бұл отбасының ісіне араласпайтынын және күйеуінің шешімдеріне ықпал етпегенін кесіп айтты.
«Осы бір жерде біреу мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? Барсам бола ма деп сұрап жатқан еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы. Түрлеріңе қарасам дұрыс адам сияқтысыңдар», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова балаларының мерекелік шарасын толықтай өзі ұйымдастырған болатын, ал Тұрсынбек Қабатовтың төбе көрсетпеуі желіде түрлі қауесеттердің тарауына түрткі болды.
Соңғы жаңалықтар