ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ
483
Тұран жолбарысын қазақ жеріне қайта жерсіндіру ісі 2026 жылы басталады. Мұндай жоспар Самарқанда өтіп жатқан жабайы жануар түрін сақтау жөніндегі халықаралық конвенция отырысында айтылды. Жиынға еліміздің Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі мен бір топ отандық сарапшылар қатысты. Ежелде Тұран атырабын мекен еткен жолбарыс тұқымы көп ұзамай қайта пайда болады. Ғалымдар бұған еш күмән келтіріп отырған жоқ. Себебі 8 рет өлшеп, бір рет қабылданған кесімді шешім бар.
Соған сай қазақ жеріне 2026 жылы табиғаты жағынан ұқсас саналатын Амур тектес жыртқышты әкелу көзделіп отыр. Оның тұқымы біздің өлкеге әбден жерсінген соң Тұран жолбарысына айналады.
Айман Омарбекова, БҰҰ даму бағдарламасының жануарлар дүниесін басқару жөніндегі сарапшысы: - Ел Үкіметі осы жыртқышқа арналған экожүйені қалыптастыру бойынша БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен гранттық келісім жасады. Оның аясында Тұран жолбарысының қоректік базасын құру ісі басталды. «Алтынемел» ұлттық паркінен «Іле-Балқаш» резерватына 60 құлан әкелінді. «Қара Бақанас» арнасын тазарту бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Оның нәтижесінде Тұран жолбарысы үшін су қажетті көлемде болады деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен келісімге де қол қойған. Ұйым өз қаражаты есебінен еліміздегі «Алтынемел» ұлттық паркіне бұқар бұғысын жіберді. Соңғысы тұран жолбарысының қорегі саналады. Экожүйеге пайдасы орасан. Нұркен Шәрбиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі: - 2026 жылы Амур жолбарысын Ресейден әкелу жоспарда бар. Және Еуропаның тағы бірқатар мемлекетінен жеткізу қарастырылып жатыр. Барлығы тегін. Орындар мен экожүйе дайын. Ғалымдар да тиісті әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әуелі Амур жолбарысының тек 2-3 басы әкелінбек. Тәжірибе сәтті жүзеге асса, бұрындары Сырдария мен Іле өзенінің жағалауын мекендеген жануардың тіршілігі қайта жанданады. Бұл іс мемлекетке имидждік пайда әкеліп қана қоймай, шетелдік туристер ағынын арттыруға сеп болады. Рауан Мыңбаев, тілші: - Самарқандағы басқосу тұтас Еуразия кеңістігі мен Африкада үнемі қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлерін көбейтуге бағытталған. БҰҰ-ның жаһандық бастамасы аймақ елдеріне халықаралық ұйымдардан қаржы тартуға жол ашып отыр. Осы істің біздегі тұран тектес жолбарысты жандандыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Соңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...