Қарақат Әбілдина сахнада әннің сөздерін шатастырып ала жаздады (ВИДЕО)
Әнші Қарақат Әбілдина Республика күніне орай өткен мерекелік концертте айтқан әніне байланысты жазба жариялап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бүйірден түсірілген видео үшін кешірім сұраймын. Мені бұл концертке кеше қосты. Президентіміздің қатысуымен өтетін , Республикамыздың күніне арналған өте жауапты концертке «Елге сәлем» әнін таңдады», - деп жазды Қарақат.
Өнер иесінің айтуынша, «Елге сәлем» әнін айтпағанына біраз уақыт болған екен. Сол себепті де оның сөздерін еске түсіру қиын болыпты.
«Бұл әнді осыдан 15 жыл бұрын жазып, мүлдем айтпаған соң ұмытып қалған екенмін. Аяқ асты бір күннің ішінде еске түсіріп , «нар тәуекел» деп оркестрдің сүйемелдеуімен сахнаға шықтым. Уайымдағанымды көрсеңіздер ғой. Сөздерін шатастырып ала жаздап , қойшы әйтеуір орындап шықтым-ау. Артық кемі болса айып етпессіздер. Республикамыздың Мәдениет минстірлігінің құлағына алтын сырға, кем дегенде екі-үш күн дайындалуға мүмкіндік беріп, концертке қатысатынымызды сәл ертерек ескертсеңіздер нұр үстіне нұр болушы еді», - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар