"Жақсы көрмейсіз бе?": келінін бөлектеген Роза Рымбаеваны жұрт сынап тастады
Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева махаббат жолында қандай құрбандыққа барғаны туралы сұраққа ерекше жауап берді.
Бұл пікірін ол "Бақыт құшағында" фильмінің жабық көрсетілімінде айтты.
«Махаббат үшін құрбандыққа бармай-ақ, сол махаббатпен өмір сүріп жатырмын. Бақыттымын. Менің өмірдегі ең бірінші махаббатым – екі ұлым және немерем. Сондықтан мен бақытты анамын», – деді Роза Рымбаева.
Желі қолданушылары өнер иесінің бұл жауабына түрлі пікір білдірді.
«Келінді жақсы көрмейсіз бе?», «Екі ұлым мен немерем дейді, келіні ше?», «Түріне не болған?», «Керемет әнші», «Бақытты әже бола беріңіз» деген сынды пікірлер жазылды.
Көпшілік Рымбаеваның отбасына деген сүйіспеншілігін атап өтсе, енді бір бөлігі әншінің жауабын әзіл мен шынайылықтың үйлесімі деп бағалады.
Соңғы жаңалықтар