Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің үстінен полицияға арыз түсті
«Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы М.С.Төлебаевтың атына арыз жолдап, Мөлдір Мұқанды Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының бейнесін мазаққа айналдырғаны үшін заң алдында жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды politico.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге салайық, өткен аптада «El аrna» арнасындағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасының үзіндісі әлеуметтік желілерде тарап, ел арасында қызу талқыға түскен.
Бағдарламада Бауыржан Момышұлының басының орнына өз басын қойып, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың батырды келемеж еткенін көруге болады.
Кейін дау тудырған түсірілімге қатысты түсініктеме берген арна басшысы жоба форматын түсіндіре келе: «Ойын шарты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлын және өзге де танымал тұлғаларды мазақ ету мақсатында емес, дәріптеу үшін жасалғанын айтамыз», – деп ақталған.
Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекетін батырдың келіні Зейнеп Ахметова да сынға алып, наразылық танытқан еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...