Табиғатқа жанашырлық және мінсіз күтім: Telli дүкенінде ASIYA рефилл-станциясы іске қосылды
Өзіңізге және жақындарыңызға арналған мінсіз күтім құралын таппай жүрсіз бе? Енді іздегеніңіздің бәрі бір жерден табылады. Премиум кластағы косметика мен табиғи өнімдерді ұсынатын Telli концептуалды дүкені тұтынушыларына бірегей жаңалық ұсынуда.
Telli – жай ғана сауда нүктесі емес, бұл сұлулық пен денсаулықтың тоғысқан мекені. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, елімізде эксклюзивті түрде ұсынылған 30-ға жуық косметикалық бренд шоғырланған. Гомеопатиялық дәріханасы, органикалық дәмханасы және косметологиялық кабинеттері бар кеңістіктен еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін – ерлер мен әйелдер өздеріне қажеттінің бәрін таба алады.
Ең басты жаңалық – дүкенде ASIYA рефилл-станциясының іске қосылуы. Бұл қадам әлемдік эко-трендтер мен отандық өнім сапасының жарасымды үйлесімін көрсетеді.
ASIYA бренді Қазақстанның экологиялық таза аймақтарынан алынған табиғи ингредиенттер мен заманауи технологияларды ұштастыра отырып жасалған. Бұл өнімдер бүкіл отбасы үшін қауіпсіз әрі тиімді күтімді қамтамасыз етеді. Енді сүйікті өніміңіз таусылған кезде жаңа құты сатып алып, артық шығындалудың немесе пластик қоқысты көбейтудің қажеті жоқ.
Рефилл-станциясының жұмыс істеу қағидасы өте қарапайым әрі тиімді: бос құтыңызды әкеліп, оны қайта толтырып аласыз. Бұл қалдықсыз өндіріс қағидасына толықтай сай келеді. Тұтынушы дәл сол жоғары сапалы өнімді алады, бірақ табиғатқа ешқандай залал келтірмейді.
ASIYA – бұл жәй ғана косметика емес. Бұл – Орталық Азияның бай мұрасы мен сұлулығын бойына сіңірген, дәстүр мен жаңашылдық астасқан ерекше рәсім. Telli дүкені осылайша тұтынушыларын сапалы өнім қолдануға ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға, саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға шақырады.
Соңғы жаңалықтар