Тағы бір шенеунік аузына ие бола алмады! Бастықтың орынбасары жазадан құтылып кетпекші

Тағы бір шенеунік аузына ие бола алмады! Бастықтың орынбасары жазадан құтылып кетпекші
08.10.2025 16:22
0
276
Акимбеков Даурен Даулетович (Фото: Gov.kz)

Алматы облысының Әділет департаментінде шенеуніктің боқтық сөздері жазылған аудио тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Алматы облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасарына қатысты дау өршіді. Интернетте департамент басшысының орынбасары әрі әдеп жөніндегі уәкіл Даурен Акимбековке тиесілі делінген аудиожазба тарап кетті.

Даулы аудиожазбаны алғашқылардың бірі болып «За нами уже выехали» Telegram-арнасы жариялаған. Жазбада ер адамның әлдебір әйел туралы бейәдеп сөздер айтқаны естіледі.

«Она уже, походу, в курсе, что мы её отъеб..ть хотим. Как меня нету - начинает здесь дезелить, как я приезжаю, на работе появляюсь - сразу к... н қысып ходит», - дейді аудиожазбадағы дауыс.

Кейіннен бұл жағдайға қатысты Әділет министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары, сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкіл Акимбеков Даурен Даулетовичтің үстінен әдепсіз мінез-құлқына байланысты арыз түскен. Оқиғаның өзі 2024 жылы болған.

Шағым негізінде тиісті тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданған. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес Акимбековке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынған.

Алайда, Даурен Акимбеков кеңес шешімімен келіспей, оның үстінен сотқа шағымданған. «Мемлекеттік қызмет туралы» заң талаптарына сәйкес, шағымдану процесі аяқталмайынша, тәртіптік жаза қолданылмайды. Әділет министрлігі бұл мәселе бойынша түпкілікті сот шешімін күтіп отырғанын және содан кейін ғана нақты әрекеттерге көшетінін мәлімдеді.

Акимбеков Даурен Даулетович - 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Айта кетейік, жақында Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына боғауыз сөз айтқан әкімнің видеосы тараған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий