Кетіңдер! Аузына ие бола алмаған әкім ел алдында масқара болды

Кетіңдер! Аузына ие бола алмаған әкім ел алдында масқара болды
08.10.2025 04:43
0
594
Фото: Бейнеден кадр

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына боғауыз сөз айтқан әкімнің видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Төлеухан Қуаныш Төлеуханұлының қоғамдық тыңдау кезінде тұрғындарға боғауыз сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Интернетте жарияланған видеода ауыл әкімінің халықпен кездесу барысында жұртқа дауыс көтеріп, дөрекі сөйлегені байқалады. Ол жиналғандарға қарата балағат сөздер айтып, айғайлаған.

«Айдын на#уй, кетіңдер на#уй, жоламаңдар на#уй. Б#я Ауылда көрейін, көресіңдер на#уй, кетіңдер на#уй. Айқайламаңдарш, шуламандар», – деді әкім видеода.

Бұл жағдай қоғамдық талқылауға айналған соң, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме беріп, мұндай қылықтың мемлекеттік қызметкердің әдебіне сай келмейтінін және бұған жол берілмейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты істің материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің қарауына жіберілді. Сондай-ақ, облыс басшылығы қызметкерлер тарапынан осындай жағдайлар қайталанса, ең қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Қоғaмдық резонанстан кейін әкім Қуаныш Төлеуханның өзі арнайы видеоүндеу жазып, тұрғындардан кешірім сұрады. Ол өз әрекетін сол сәтте эмоцияға берілуімен түсіндірді.

Төлеухан Қуаныш Төлеуханұлы - 1989 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан  ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 2007 жылы Шілікті ауылындағы Шілікті орта мектебін бітірген. 2013 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің Семей қаласындағы филиалын "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтады. Отбасылы, үш баланың әкесі. 

2025 жылы 22 маусымда  Шілікті ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий