“Тағы да ұшақ апаты”: Жолаушылардың бәрі қаза тапты

16.06.2025 • 09:55 Admin
“Тағы да ұшақ апаты”:  Жолаушылардың бәрі қаза тапты
11315
Фото: freepik.com

Үндістанның солтүстігіндегі Гималай аймағында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ANI агенттігінің мәліметінше, тікұшақ бортында пилотты қосқанда жеті адам болған. NDTV телеарнасы барлық жолаушылардың қаза тапқанын хабарлады. Алайда әзірге ресми түрде қаза тапқандар саны жарияланған жоқ.

Тікұшақ Уттаракханд штатының таулы өңіріндегі Кедарнатх ауылынан кері бағытта қайтып келе жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий