Таиландқа жұмысқа кетіп, Мьянмада құлдыққа түскен отандастарымыз құтқарылды

16.12.2025 09:50 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Таиландқа жұмысқа кетіп, Мьянмада құлдыққа түскен отандастарымыз құтқарылды
0
166
Фото: ашық дереккөз

Мьянмада еңбек құлдығына түскен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары арнайы дипломатиялық іс-шаралардың нәтижесінде өз елдеріне аман-есен оралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Олар Таиландқа «жоғары жалақысы бар жұмыс» уәдесіне сеніп барып, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың құрбанына айналған.

Бұл жағдай шетелге табыс табу мақсатында шығатын әрбір азамат үшін елеулі ескерту болуы тиіс.

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккендердің басым бөлігі интернеттегі «Таиландтағы тиімді жұмыс» туралы жарнамаларға сенген. Ұйымдастырушылар жұмысқа орналастыруды, тегін жол ақысы мен жоғары жалақыны уәде етіп, адамдарды арнайы автобустарға отырғызған.

Алайда, көлік Таиландтың туристік аймақтарына емес, Мьянма шекарасына қарай бет алған. Сол жерде азаматтарды алдап шекарадан өткізіп, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтарға тапсырған.

Kun.uz басылымының мәліметінше, құлдыққа түскен азаматтарды Мьянма аумағындағы алаяқтық call-орталықтарда (scam орталықтар) жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

 «Құрбандардың айтуынша, оларды интернет алаяқтық жасауға зорлаған. Заңсыз әрекеттерден бас тартқандарға физикалық күш қолданылып, үнемі қоқан-лоққы көрсетілген», – делінген дереккөзде.

Бұл жағдай «Алтын үшбұрыш» деп аталатын өңірде жиі кездесетін қылмыстық схема екені белгілі. Құрбандарды заңсыз ғимараттарда ұстап, төлқұжаттарын тартып алып, тәулік бойы жұмыс істеткен.

Тұтқында болған азаматтардың бір тобы мүмкіндік тауып, Бангкоктағы Өзбекстанның бас консулдығына хабарласа алған. Дипломатиялық тексеріс барысында тұтқындар арасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар екені анықталған.

Үш елдің сыртқы істер органдары Таиланд пен Мьянма билігімен бірлесіп, жедел дипломатиялық келіссөздер жүргізген. Соның нәтижесінде, еңбек құлдығында болған барлық азаматтар босатылып, өз отандарына қайтарылды.

Әзірге Қазақстанның ресми органдары бұл нақты оқиғаға қатысты жеке мәлімдеме жасамаған. Дегенмен, шетелдегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі тұрақты бақылауда екені хабарланды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий