Талдықорғанда орталық саябақ сауда саттыққа шығарылды

Талдықорғанда орталық саябақ сауда саттыққа шығарылды
10.12.2024 10:30
0
29
yandex.kz/maps
Талдықорғанның Орталық саябағы сенімгерлік басқаруға беріледі.

Талдықорғанның Орталық саябағын жөндеуге миллиард теңге жеткіліксіз болып шықты. Осыған байланысты жергілікті билік саябақты сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл шешімнің қабылдануына саябақты ұстаудың қымбаттығы әсер еткен сияқты. Қалалықтардың сүйікті демалыс орны көптен бері жаңартуды қажет етеді.

2024 жылдың наурыз айында Талдықорғанның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі (саябақтың баланс иесі) Орталық саябаққа күрделі жөндеу жүргізу үшін тендер жариялаған болатын. Жобаға бюджеттен миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек еді. Алайда тапсырыс беруші күтпеген жерден лоттан бас тартты. Сол уақыттан бері жаңа мемлекеттік сатып алулар өткізілген жоқ.

2024 жылдың қараша айында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл саябақтың 41 437 шаршы метр аумағын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім шығарды.

Аукционға қатысушылар үшін кепілдік жарна көлемі 5,6 миллион теңгеден асады. Саябақтың шығыс бөлігі сенімгерлікке бес жыл мерзімге тек бір қатысушыға беріледі. Аукцион жеңімпазына саябақтан түсетін табыстың 50%-ын алуға уәде берілді.

Сенімгерлік басқарушыға бірнеше маңызды талап қойылады:

  • Саябақтың жағдайын жақсарту үшін арнайы техника болуы керек;
  • Күнделікті қоқысты, қарды жинау, дәретханаларды тазалау, газондарды күтімдеу, қоқыс жәшіктерін дезинфекциялау міндеті бар;
  • Өрт қауіпсіздігін және санитарлық нормаларды сақтау қажет;
  • Саябақтың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету.

Аукцион 10 желтоқсанда өтеді.

Ақпарат orda.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или