Талдықорғанда Шерзаттың соты кезінде жер сілкінді

Талдықорғанда Шерзаттың соты кезінде жер сілкінді
23.05.2025 16:33
0
24
Фото: freepik.com

Талдықорғанда жер сілкініп, сот отырысы тоқтап қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Жер сілкінісінің қарқыны 4 балл. Оның салдарынан Шерзаттың қазасына қатысты сот отырысы тоқтап қалды. Үзіліс алдында сот-медициналық сарапшылар сөз сөйледі.

Мамандардың айтуынша, Талдықорғаннан 12 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген. «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 16:01-де жер сілкінісін тіркеді.

Сілкініс ошағы - Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. 

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қиранды туралы мәлімет түспеген. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий