Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға барғаннан кейін көз жұмды

14.01.2026 16:25 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға барғаннан кейін көз жұмды
0
301
Фото: видеодан скрин

Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға қаралғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Өзін нашар сезінген 20 жастағы Нигина Джагипарова 10 қаңтарда таңғы сағат 05:00 шамасында Талғар орталық аудандық ауруханасына барған 

Алайда дәрігердің қабылдауынан үйіне оралған соң бір сағаттан кейін көз жұмған. 
Ол таңғы уақытта кенеттен кеуде тұсы ауырып, апасымен берге ауруханаға медициналық көмек алуға барған. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер қызды тексеріп, анализ алып, кардиограмма мен рентгенге түсірген. 

Дәрігерлердің қойған алдын ала диагнозы – пневмония.

Алайда, туыстарының айтуынша, науқастың жағдайына қарамастан, дәрігерлер оны стационарға жатқызбай, пульмонологтың қабылдауына жолдама беріп, үйіне қайтарған. Нигина үйге келген соң демалып жатқан, бірақ шамамен бір сағат өткен соң көз жұмған. 

Науқастың жағдайына қарамастан оны дәрігерлер бақылауға алмай, пульмонолог дәрігерге жіберген. Нигина апасымен үйіне қайтып кеткен. Бірақ үйге келген соң араға бір сағаттай уақыт өткенде қыз көз жұмған. 

Марқұмның жақындары дәрігерлердің шешіміне наразылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, қыз ауруханада бақылауда болғанда, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.

Нагинаға жақында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалған. Ол жаңа өмірге қадам басуға, тойға дайындалып жүрген. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий