Талғарда бәз біреулер марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберді
Әлеуметтік желіде Талғарда марқұм Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйі өртеніп кеткені туралы ақпарат пайда болды.
Марқұмның отбасы қайғыдан арылып үлгермеді, ал әлдекімдер үйді өртеп жіберген. Куәгерлердің айтуынша, үй толығымен отқа оранған.
Бұл ақпарат құқық қорғаушы Саида Тәуекелованың Instagram-дағы жеке парақшасында пайда болды. Оның мәлімдеуінше, оған түнде жәбірленушінің туыстары хабарласып, үйі өртеніп кеткені туралы сұмдық хабарды жеткізген. Өрт сөндірушеліер жылдам жеткенімен, үй толығымен жанып кеткен.
Бұл онсыз да да қиын жағдайда жүрген адамдарға соққы болды. Қайғылы жағдай жақындары ұлының құқығы мен әділдік үшін күресіп жатқан шақта болып отыр. Туыстары жетісін беруге дайындалып жатқан. Бала-шаға мен үйдегі ересектер ата-анасының үйінде болған. Өрттен үй ғана өртенді... алайда өрт қойған адамдардың ниеті қандай болғанын елестетудің өзі қорқынышты..., - деп жазады автор.Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды