Талғарда қарт ерлі-зайыптыны өлтіріп, мәйітін өртеген ер адам ұсталды

Қарт ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адам Қарғалы шатқалынан табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Күдіктіні сол маңда жүрген ер адам өз бетінше ұстаған. Ол бұған дейін оның суретін әлеуметтік желіде көрген екен. Қарияларды өлтірген адам полиция тапсырылды.
Айта кетейік, 5 тамызда Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында жекеменшік үйлердің бірі өртенді. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты. Қарт тұрғындардың кісі қолынан қаза тапқаны анықталды. 1946 жылы туған ер азаматтың бірнеше жеріне пышақ сұғылғаны, ал 1949 жылы туған әйелді тұншықтырып өлтіргені анықталған. Күдікті қылмыс ізін жасыру мақсатында қарт кісілердің үйін өртеп жіберген болуы мүмкін. Полиция күдіктіге іздеу жариялаған еді.
38 жастағы күдікті де Панфилов ауылында тұрған. Күдікті марқұмдардың көршісі екені айтылды. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін істі болған.
Соңғы жаңалықтар




