Талғарда Шерзаттың жылдық асы өтті

15.09.2025 10:52 Арман Ермеков Арман Ермеков
Талғарда Шерзаттың жылдық асы өтті
0
346
Сурет: Бейнеден кадр

Талғар маңында былтыр қайғылы жағдайда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полат пен оның 30 жастағы нағашысы Нұрқанат Ғайыпбаевқа арналған жылдық асы берілді. Өткен жылы бүкіл өңірді дүр сілкіндірген марқұмдарды еске алуға жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Еске алу асынан түсірілген видеоны блогер Жан Ахмадиев жариялады. 

Еске сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жергілікті жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен жаппай төбелес болған. Сол қақтығыс кезінде Шерзат Полат пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған еді.

Бұл оқиғаның тағы бір қайғылы беті – марқұм жасөспірімнің нағашысы Нұрқанат Гайыпбаевтың өлімі болды. Оның денесі 2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңынан табылған. Ресми нұсқа бойынша, ер адам өз-өзіне қол салған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий