Талғарда тағы да трагедия: Ер адам туған қызын өлтірді деген күдікке ілінді
1932
Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Алматы облысында ер адам туған қызына пышақ сұғып өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бұл оқиға 10 қарашада болған. Ер адам мас күйде қызға 16 пышақ жарақатын салғаны айтылады.
Кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталды. Полицияға 15 жастағы студенттің сүйегі табылғаны туралы хабарлама отбасының туысынан келді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мас күйдегі күдіктіні ұстады. Сондай-ақ, үйден қылмыс құралы тәркіленді, - деп жазылған Алматы облысының Полиция департаментінің жауабында.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынды.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп жазылған жауапта.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...