Талғардың атышулы тұрғыны Хасан Қасымбаев сотталды
15731
Талғар аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі ретінде белгілі Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды. БАҚ-та «Хуторлықтардың басшысы» деп танылған ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам сот алдында жауап берді. Істе екі жәбірленуші бар — ММА спортшысы Арман Алимов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.
Үкім жариялау кезінде айыпталушының өзі жанжал шығарды: ол айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін сындырып, журналистердің залдан шығуын талап етті. Сот отырысы кезінде Қасымбаев БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы екенін мәлімдеді.
Оқиға орнында болған тілшілердің айтуынша, сотталушы мен оның туыстарының наразылығынан кейін сот хатшылары журналистерді залдан шығарып жіберген.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін Хасанның әйелі үкімге қатысты пікір білдіріп, әділдік жоқ екенін және олар ары қарай күресетінін айтты.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды
10.07.2026
10:38
Сарапшы: Парламент — жұлдыздар шеруін өткізетін...
10.07.2026
10:34
Меруерт Түсіпбаева бір ажалдан қалай аман қалға...