Танымал актер бұрынғы әйеліне қайтадан үйленді

04.08.2025 09:20 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Танымал актер бұрынғы әйеліне қайтадан үйленді
0
1510
pixabay.com

Түркиялық әйгілі актер Исмаил Хаджиоғлу мен оның бұрынғы жары Дуйгу Кумарки қайта некелесті. Бұл туралы Haber Global басылымы жазды.

Жұлдызды жұп алғаш рет 2016 жылы үйленіп,  2020 жылы ажырасқан болатын. Бұл некеден Йемин есімді ортақ қызы дүниеге келген.

Бес жылдық айырылысудан кейін қос тарап қарым-қатынасына тағы бір мүмкіндік беріп, нәтижесінде қайтадан үйленуге шешім қабылдады.

Салтанатты той жақын достарының қатысуымен кемеде өткен. Әлеуметтік желілерде тойдан кейін қызу талқыланған тақырыптардың бірі — қалыңдықтың терең ойықты сәнді көйлек таңдауы болды.

Айта кетейік, Исмаил Хаджиоғлу бұған дейін 2010–2015 жылдары актриса Вильдан Атасеверге үйленген. Кумаркимен ажырасқан соң, оның актрисалар Мерве Чагыран және Аслыхан Гюрбюзбен махаббат қарым-қатынастары болған. Алайда бұл байланыстар ұзаққа созылған жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий