Танымал актер жансақтау бөліміне түсті

16.09.2025 11:04 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Танымал актер жансақтау бөліміне түсті
0
827
pexels.com

Түрік актері Уфук Озкан жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат таратылды. Бұл жаңалықты оның туған ағасы Үміт Озкан растады.

Бұған дейін БАҚ-та актердің өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені жөнінде қауесет тараған еді. Алайда Уфук Озкан бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Актердің сөзінше, жағдайы жұмысбастылықпен байланысты:

«Мені өлтіргісі келіп жатыр ма? Жаз бойы тынымсыз жұмыс істегендіктен, бетімде экзема пайда болды. Сол себепті тұрақты түрде ауруханаға барып жүрмін. Қазір түсірілімдерім мен жүргізетін шоуларым жалғасып жатыр. Дәрігерлер гримнің әсерінен болуы мүмкін деп отыр. Қазір үйімде демалып жатырмын, әр екі күн сайын тексеруден өтудемін», – деді Озкан Gazete Magazin-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Уфук Озкан көрерменге «Geniş Aile» («Үлкен отбасы») телехикаясындағы Джевахир рөлі арқылы кеңінен танылған. Бұған дейін БАҚ-та актердің Ыстамбұлдың Бешикташ ауданындағы үйінде өзіне қол жұмсауға талпынып, шұғыл ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сонымен қатар, біраз уақыт бұрын Озканға бауыр жеткіліксіздігі диагнозы қойылып, ол трансплантацияға кезекке енгізілген еді. Дегенмен, дер кезінде жүргізілген емнің арқасында актердің жағдайы жақсарып, бауыр ауыстыру операциясына мұқтаж болмады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий