Танымал әншіге іздеу жарияланды

Танымал әншіге іздеу жарияланды
08.09.2025 11:09
0
483
pexels.com

Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) Ресейдің танымал рэп орындаушысы Тимур Юнусовқа, яғни Тиматиге іздеу жариялады. Бұл туралы ақпарат Украина Ішкі істер министрлігінің іздеудегі тұлғалар базасына енгізілді.

Бұған дейін, маусым айында, СБУ Тиматиге Украина аумағына заңсыз кіру тәртібін бұзды деген айыппен сырттай қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға қатысты айыптар тағылып отыр.

Украина құқық қорғау органдарының мәліметінше, Тиматидің есімі «Миротворец» дерекқорына да енгізілген. Аталған ресурс елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп саналатын тұлғалардың тізімін жүргізеді.

Сонымен қатар, Украина Бас прокуратурасы да маусым айында музыкантқа сырттай күдік жариялап, оның Қырымға бірнеше рет заңсыз барғанын мәлімдеді. Тимати Украина Қылмыстық кодексінің 332-1-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталуда. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол Украина аумағына уақытша оккупацияланған Қырым арқылы заңсыз өтіп, бұл әрекетімен елдің мемлекеттік мүдделеріне нұқсан келтірген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий