Танымал әншінің көлігіндегі 15 жасар қыздың мәйіті: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Танымал әншінің көлігіндегі 15 жасар қыздың мәйіті: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
27.09.2025 17:30
0
1
ашық дереккөз

D4vd лақап атымен танымал америкалық әнші Дэвид Энтони Беркке қатысты жанжал күшейіп барады. Оқиға 2024 жылдың жазында 15 жастағы Селеста Ривас Эрнандестің жоғалуынан басталып, қазір Голливудты дүр сілкіндіріп отыр. 

8 қыркүйекте Лос-Анджелес қаласында D4vd есебінде тіркелген Tesla маркалы көліктің жүксалғышынан 15 жастағы Селестаның денесі табылды. Осыған байланысты полиция әншінің жалға алған үйіне тінту жүргізді. Үй иесі Младен Трифуновичтің айтуынша, бұл үй 2024 жылдың ақпанында әншінің менеджері арқылы жалға берілген, алайда жақында шарт кенеттен бұзылған.

«Олар мұнда енді болғылары келмеді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты көшіп кетті», – деді үй иесі.

Жантүршігерлік жайттар ашылуда. Қыздың туыстарының айтуынша, Берк Селестамен алғаш рет ол небәрі 12 жаста болған кезінде интернет арқылы танысқан. Қыздың ағасы әншінің оны үйінен алып кеткенін, ал кейін дәл сол көліктен оның денесі табылғанын айтты. Селеста бірнеше рет үйден қашып кеткен, ал 2024 жылдың жазында мүлде жоғалып кеткен.

Дереккөздердің хабарлауынша, достары қызбен бір жылдай байланыста болған, алайда осы жазда оның хабарламалары мен қоңыраулары кенеттен тоқтаған. Ал 2025 жылдың 8 қыркүйегінде Tesla көлігінен полиэтиленге оралған күйде оның бөлшектенген денесі табылған.

Ресми айып тағылған жоқ, бірақ Лос-Анджелес полициясы қолда бар дәлелдердің бар екенін растап отыр. D4vd әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады, оның Withered World Tour атты әлемдік турнесі тоқтатылды. Әншінің қорғаушысы да бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме беруден бас тартты.

АҚШ Әділет министрлігінің бұрынғы прокуроры Неама Рахмани істі өте ауыр деп бағалап отыр:

«Егер көлігіңізден дене табылса — бұл жаман. Ал ол дене бөлшектенген күйде табылса — бұл одан да жаман. Бар дәлелдер әншіге қарсы жеткілікті», – дейді ол.

Маманның айтуынша, бұл істе адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы қылмыстар және адам саудасы секілді айыптар болуы мүмкін.

Айта кетейік, D4vd 2022 жылы TikTok желісінде танымал болып, инди-сахна жұлдызына айналды. Оның әндері чарттарда жоғары орындарға шығып, фестивальдерде мыңдаған жанкүйер жинаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий