Танымал айтыскер ақын қайтыс болды

Ұстаз, суырып салма ақын, термеші, композитор, мәдениет саласының жанашыры Серік Ыдырысов қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Серік Ыдырысов — ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Мәдениет саласының үздігі»төсбелгілерінің иегері. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» бөлімінің аға оқытушысы болған.
Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы алғашқылардың бірі болып марқұмның отбасы мен туған-туыстарын көңіл айтты.
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және басқармаға қарасты мекемелер ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, айтыстың ақтаңгері, ақын Серік Ыдырысовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын», деп жазды басқарма.
Серік Махмұтұлы Ыдырысов 1958 жылы Қармақшы ауданының «Жаңақала» совхозында (кейінгі – Тәйімбет Көмекбаев атындағы елді мекен) туған.
Соңғы жаңалықтар





