Танымал блогер өз «бетін» 1 млрд долларға сатып жіберген

27.01.2026 19:49 Берік Арманов Берік Арманов
Танымал блогер өз «бетін» 1 млрд долларға сатып жіберген
58
Фото: x.com/KhabyLame

Сенегал тумасы, үнсіз реакция видеоларымен интернетті бағындырған TikTok жұлдызы Хаби Лейм контент жасаушылар тарихындағы ең ірі мәмілелердің бірін жасады. Келісім сомасы 975 миллион доллар деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz Tell News Magazine-ге сілтеме жасап.

Осы қаражатқа америкалық Rich Sparkle Holdings компаниясы үш жыл мерзімге блогердің зияткерлік меншігін, соның ішінде оның ЖИ-егізін (AI-двойник) жасау және пайдалану құқығын эксклюзивті түрде сатып алған.

«Маңызды жайт: Хаби Лейм бұл мәміледен біржолғы төлем алған жоқ. Оның орнына ол Rich Sparkle Holdings компаниясының бақылаушы акционері атанып, ықпалды креатордан корпоративтік ойыншыға айналды», – делінген материалда.

Сарапшылардың айтуынша, мәміле құрылымы оның көлемі сияқты революциялық. Қысқа мерзімді жарнамалық келісімшарттар мен бірреттік төлемдердің орнына Лейм компаниядағы үлесті таңдады. Ол ұзақ мерзімді бақылау мен ауқым дәстүрлі инфлюенсерлік табыстан да жоғары кіріс әкеледі деп есептейді.

Леймнің жолы әлеуметтік желілердегі табыс ережесін түбегейлі өзгертті: COVID-19 пандемиясы кезінде Италиядағы зауыттан жұмыстан қысқарған жұмысшыдан TikTok-та 160 миллионнан астам жазылушысы бар ең танымал креаторға дейін өсті. Сөзсіз түсінікті минималистік контенті оған әлемдік брендтермен серіктестік орнатуға жол ашты.

Компания болжамынша, Лейм аудиториясы әлеуметтік желілердегі сауданы дамыту, лицензиялау және ЖИ қолданылған контент арқылы жылына 4 миллиард доллардан астам айналым әкелуі мүмкін.

Мәміле туралы хабар қаржы нарықтарына да бірден әсер етті: Rich Sparkle акциялары бір сауда күні ішінде 250%-дан астамға қымбаттаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий