Танымал блогердің ерекше образы жұртқа жақпай қалды
Желіде тазалықшы жігіт, танымал блогер Нұрхан Нұрмаханбет образымен жұртты әбден таңғалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Өзі түсірген видеоны жариялаған ол:
«Достар, жәй образ. Жаман ойлап қалмаңыздар», – деп жазып, бұл тек көңіл-күй үшін жасалған контент екенін айтқан.
Бірақ оның нәзік, «феминный» образда түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды. Комменттерде жұрттың реакциясы бірден екіге бөлінді: біреулер күлкіге бұрса, енді бірі мүлде қабылдай алмады.
Қолданушылар:
«Сабина боп кете жаздапсың», «Қатты жел соқса, ұшып кететін сияқты», «Мынау бізден асып түскен ерке ғой», «Алла бала-шағамызға сана берсін», "Осыны неге военкомат ұстап әкетпейді, – деп пікір қалдырған.
Кейбіреулер видеоны өнер ретінде қабылдаса да, басым бөлігі жігіттің экспериментін тым артық санап отыр. Ал желіде онсыз да контент үшін барын салып жүрген блогерлер көп екенін ескерсек, бұл да соның бір көрінісі ғана.
Соңғы жаңалықтар