Танымал блогердің жанжалы жұрттың сынына ұшырады

Танымал блогердің жанжалы жұрттың сынына ұшырады
06.05.2025 19:10
0
83
Фото: Instagram/Елшін Жанерке

Танымал блогер, «Қалаулым» жобасы арқылы көпке танылған Елшін Жанерке тағы да дауға қалды. Бұл жолы ол блогер әрі ментор Ерғали Айзатпен сөзге келіп, әлеуметтік желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанжалға себеп болған видео Instagram желісіне жүктелген. Онда Жанерке мен Ерғали арасында келіспеушілік орын алғаны байқалады. Елшін бұл жазбамен араларындағы достықтың тоқтағанын ашық жария еткен.

Алайда видео соңында бұл жанжалдың кезекті пранк екенін байқауға болады. Осы жайт көпшіліктің ашуын туғызды. Желі қолданушылары блогерді "арзан хайп пен жалған контент жасап, тек көрермен жинауды мақсат етеді" деп айыптады.

«Бұрынғыдай қызық емес», «Пранкты тым асырып жіберді», «Аудитория жинау үшін кез келген нәрсеге барады», – деген секілді пікірлер әлеуметтік желіде көптеп жазылды.

Бұған дейін де Елшін Жанерке бірнеше блогермен дауға қалған болатын. Желіде белсенді болғанымен, соңғы кездері оның әрекеттері көрерменнің көңілінен шықпай жүр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий