Танымал қазақ ақыны өмірден өтті

13.10.2026 • 10:44 Әсел МҰРАТ
Танымал қазақ ақыны өмірден өтті
163
Фото: Қазақстан жазушылар одағы

Ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақ поэзиясында өзіндік үнімен танылған ақын әрі журналист Жанна Елеусіз дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді.

Жанна Елеусіз 1970 жылы 22 қарашада Ақтөбеде дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Оқырманға «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары арқылы танылған ақынның шығармашылығы терең ойға, мұң мен нәзік сезімге толы. Әдеби ортада көпшілікке ашыла бермейтін, сырлы мінезімен ерекшеленген оның поэзиясын әдебиетшілер «ақсүйек поэзия» деп бағалаған.

1995 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған мүшәйрада жүлдегер атанған.

Қазақстан Жазушылар одағы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ қалың оқырман қауымға көңіл айтты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий