Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген
196
Қостанайда 35 жастағы әйелді көлік қағып, мерт болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Марқұмның денесін таңертең жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап қалған, деп хабарлайды Politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қаза тапқан әйел Лисаковск қаласының тұрғыны болған. Оның денесі жол жиегінен табылған.
Полиция оқиғадан кейін «Ұстау» жоспарын жариялаған. Бірнеше сағаттан соң 42 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелді ақ түсті кроссовер қағып кеткен. Соққыдан көліктің бамперінің бір бөлігі сынып түскен.
«Көлік Қостанай қаласында қысқа уақыт ішінде анықталды. Күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның барлық мән жайы анықталып жатыр», деді Қостанай облыстық полиция департаментінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.
Тергеушілер жол апатының қалай болғанын анықтап жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан кетпегенде әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі болғаны да тексерілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
11:11
«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әк...
13.10.2026
10:44
Танымал қазақ ақыны өмірден өтті
13.10.2026
10:18
Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген
13.10.2026
10:11
«Өсекке тоймады-ау». Гүлзира Айдарбекова атышул...
13.10.2026
10:00
«Яндекс Go» өшкенде, inDrive такси бағасын үш е...
13.10.2026
09:51
«Онда шетел әншілеріне барып жүре беріңдер»: Қа...