Танымал шоумен әйеліне 5 млн теңгеге зираттан орын сыйлады
Ресейлік шоумен 8 наурызда сүйіктісіне ерекше сыйлық жасап, дәстүрлі гүл мен әтірдің орнына зираттан 1 миллион рубльге (шамамен 5,6 миллион теңге) орын сатып алып берген, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Шоуменнің айтуынша, ол әрдайым стандарттан тыс ойлап, қарапайым сыйлықтардан аулақ болуға тырысады.
"Әтір ұнамай қалуы мүмкін. Ал зираттағы орын – бұл жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция!" – деп түсіндірді ол бұл әрекетін.
Сыйлық ерекше әрі сәнді көрінуі үшін шоумен учаскені алдын ала гүлдермен безендіріп қойған. Оның бұл қадамы желі қолданушылары арасында үлкен пікірталас тудырып, кейбірі оны әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі тым шектен шыққан әрекет деп бағалады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр