Таразда анасы терезеден лақтырған екі баланың жағдайы белгілі болды

10.02.2026 09:09 Мөлдір Талғат
Таразда анасы терезеден лақтырған екі баланың жағдайы белгілі болды
587
Фото: ашық дереккөз

Таразда екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға Төле би көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, 36 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасып, соның салдарынан 5 жастағы қызын және 3 жастағы ұлын терезеден лақтырып жіберген. Кейін өзі де секірмек болғанымен, соңғы сәтте тоқтаған.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әйелдің бұған дейін психологиялық күйзеліске ұшырағанын, алайда толық ем қабылдамағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Құндыз Бөгенбаеваның айтуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Зардап шеккен балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың жағдайы ауыр. Биіктіктен құлау салдарынан аяқ-қолдары мен жақ сүйектері сынған, миына зақым келіп, ісіну байқалады.

«Балалардың жағдайы – тұрақты ауыр. Қыз балаға аяқ жарақатына байланысты ота жасау жоспарлануда. Екінші баланың бас миы жарақаттанған, денесінде көптеген сырылу бар», – деді аурухананың бас дәрігері Мәулім Кенжалы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий