Таразда әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

09.02.2026 08:29 Мөлдір Талғат
Таразда әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
256
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында екі кішкентай баланы өлтіруге оқталу дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Анасы оларды бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген.

HALYQSTAN тілшісінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Төле би даңғылындағы жатақханалардың бірінде болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 36 жастағы әйел өз үйінде отырып, 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын әдейі бесінші қабаттың терезесінен кезек-кезек лақтырып жіберген.

Екі бала да тірі қалып, жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер екі балада көптеген жарақат барын анықтады.  Қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға дейін әйел мен оның жұбайы арасында жанжал шыққан. Кикілжіңнен кейін ер адам үйден шығып кеткен.

Сондай-ақ әйел соңғы жылдары қатты бас ауруынан зардап шеккені белгілі болды. Күйзеліске түскен сәтте ол алдымен қызын, кейін ұлын терезеден лақтырған. Өзі де секірмек болған, алайда соңғы сәтте тоқтаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп жасөспірімді өлтіруге оқталу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар күдіктінің жұбайы бұрын психиатриялық есепте тұрғаны туралы ақпарат бар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий