Таразда ер адам бір жыл бойы әйелінің 15 жастағы сіңлісін зорлап келген

Таразда ер адам бір жыл бойы әйелінің 15 жастағы сіңлісін зорлап келген
19.08.2025 09:43
0
396
pexels.com

Таразда бір жыл бойы әйелінің сіңлісін зорлап келген ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот сотталушыны 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. 

“Аталған бап бойынша ең ауыр жаза тағайындалды. Алайда ер адамның өзі кінәсін мойындаған жоқ”, – деді жәбірленушінің адвокаты Алия Арзымбетова.

Еске салайық, бұған дейін Таразда 15 жастағы қызды жездесі бір жыл бойы зорлап келгені туралы айтылған болатын. Оқушы қыз әпкесінің үйіне жиі барып, кішкентай балаларына қарасуға көмектескен. Осы кезде азғын өзінің арам пиғылын іске асырған. 

Жәбірленушінің анасы дабыл қағып, еркіндікте жүрген күдіктінің кейбір туыстарының көмегімен өзіне қысым көрсетіп, тіпті өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқанын айтқан еді.  

“Мен отбасым мен балаларым үшін алаңдаймын. Президенттен бұл істі өз бақылауына алып, кінәліні заң аясында ең қатаң түрде жазалауын сұраймын”, – деген еді жәбірленушінің анасы.  

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалып, ол қамауға алынған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий