Тасқыннан қырылған құжатсыз малдың өтемақысы қалай төленеді

23.04.2024
07:12
0
214
Ауыл шаруашылығы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды.
Құжатқа сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде жергілікті деңгейдегі комиссия құрылады. Оған жергілікті әкімдіктердің ішкі істер органдарының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және жергілікті қоғамдастық өкілдері кіреді.
Малы табиғи төтенше жағдай салдарынан қырылды деп есептейтін тұрғындар осы комиссияға тиісті өтінішті төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде өткізуі керек.
Мал иелеріне шығын бюджеттен де, бюджеттен тыс көздерден де өтелуі мүмкін. Бюджеттен тыс көздердің ақшасы ешбір құжаты жоқ малдың шығынын өтеуге бағытталады.
Малға өтемақы тағайындау үшін комиссия мына жайттарға көз жеткізу керек:
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері бар екеніне (құлақ белгісі, тавро, микрочип);
- өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ болса, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне;
- өлексесі табылмаған малдың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне.
Демек, малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады. Өтемақы мөлшері өлген малдың жасы мен жынысына қарай Ұлттық статистика бюросы жариялайтын нарықтық құны бойынша айқындалады.«Өлген малдың иесінің ауызша айтуы бойынша тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісін жасау және кәдеге жарату аяқталғаннан кейін акт жасау қажет. Комиссия, шаруашылық санатына қарамастан құс басы бойынша залалды өтеуді тиісті кәдеге жарату актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады», - делінген құжатта.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

12.06.2025
17:16
Петропавлдың тергеу изоляторында тұтқын өзін өр...

12.06.2025
16:46
Жанболат пен Жазираның ұлы Әділет пен Әдияға қы...

12.06.2025
16:20
“Балалар үйіне аудармақ”: Шерзаттың әкесі сотта...

12.06.2025
15:23
"Аяқ киімін әпердім": Әділет Майғазиев жарымен ...

12.06.2025
15:20
“Әжетханада азаптаған”: Ер адамға сұмдық әрекет...

12.06.2025
14:30
“Жаназаға бармай, әншінің тойында жүр”: Тойға б...